Хабарландыру

интернет-ресурсында орналыстырған күнi 14.09.2020 ж.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56, анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557, электрондық пошта: mzhumabaeva-akimat@sko.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымға орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:

экономикалық секторының бас маманы, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлiмi» КММ, (негiзгi қызметкер үш жасқа толғанға дейiн, бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңге, 2023 жылғы 20 сәуiрге дейiн).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы», «Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес функцияларды iске асыру: Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру, тiрек ауылдық елдi мекендердi дамытудың кешендi жоспарларын, ауылдық округ орталықтарын және дамытудың жоғары және орта әлеуетi бар ауылдық елдi мекендердi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы мониторинг өткiзу. Ауыл тұрғындарының тiршiлiкпен қамтамасыз етiлуi сәйкестiгiне ауылдық елдi мекендердi бағалауға қатысу және әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiндегi критерийлер бойынша ауылдық елдi мекендердiң сыныпталуын бақылау, аудандық ұйымдардың қызметiн үйлестiру және оларға ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi бойынша әдiснамалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету: ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын беру. Өз құзыретi шегiнде аудан әкiмi және әкiмдiгiнiң, аудан мәслихатының нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерi жобасын әзiрлеу, оларды МОИП арқылы келiсу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасына жолдау, мамандармен келiсiм жасау бойынша жұмысты жүргiзу. Мамандармен келiсiм шарттарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, әлеуметтiк қолдау шараларын алған кездегi келiсiм бойынша өзiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, даулар мен келiспеушiлiктер сөйлесулер арқылы реттелуi мүмкiн, сөйлесулер арқылы реттеу мүмкiн болмаған жағдайда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешуге жатады (алынған әлеуметтiк қолдау шаралары сомасын өндiрiп алу үшiн материалдарды сотқа жiберу), сот отырыстарына қатысып, бөлiм мүддесiн қорғау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету. Бөлiм басшысының нұсқауы бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру, ҚР заңдарын, нұсқаулық материалдарын зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм: «әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару, статистика, әлемдiк экономика), «құқық» (заңтану) бейiндерi бойынша.

Мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), маркетинг (салалары бойынша), статистика), «құқық» (құқықтану) бейiндерi бойынша барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекiтiлген, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi (бұдан әрi — Қызметтiк тiзiм);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мемлекеттiк қызметшi және Заңның 27-бабы 8-тармағы бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам келесi құжаттарды тапсырады:

1) Өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжат тапсырғанға дейiн бiр айдан аспайтын уақытта расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық пакетiн қолма-қол тәртiпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5- қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Терiс себептермен немесе олардың қызметiн бағалау, сынақ мерзiмiнiң не аттестаттау қорытындыларының нәтижелерi бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттiк қызметтен шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, егер ол өзге жеке және мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестiлеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Өкiлеттi органның интернет-ресурсында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеленiп, 7 жұмыс күннiң iшiнде келесi мекенжайға: «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56, персоналды басқару бойынша құрылымдық бөлiмшеге немесе mzhumabaeva-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырылуы тиiс. Анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56 мекенжайында өтедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.

Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткiзу барысында сарапшыларды шақыруға жол берiледi.

Сарапшы ретiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органның жұмыскерi болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның iшiнде ғылым саласында жұмыс тәжiрибесi бар адамдар, сондай-ақ персоналды iрiктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOC 94 Kb)

14.09.2020
Қаралым саны: 510
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz