Хабарландыру

интернет-ресурсында орналыстырған күні 28.07.2020 ж.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557, электрондық пошта: mzhumabaeva-akimat@sko.kz, төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Басшының орынбасары, «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-2.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127 418 теңгеден 172 369 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бюджеттік сектордың жұмысына жалпы басшылық ету, сектордың жұмысшылары арасындағы міндеттерді белгілеу, барлық қосымшаларымен бірге есепті кезеңнің мерзімі бойынша түсініктеме хаттарды даярлау және жинақтап қорыту, есепті кезеңнің мерзімдері бойынша штаттық және құрамдық есептерді тексеру, аудандық мәслихатқа, аудан әкімдігінің қарауына аудан бюджетінің орындалуы жөнінде материалдар, жобаларды әзірлеу, аудан бюджетінің шығындарының ай сайынғы талдауын жүзеге асыру, облыстық басқармаларға және қазынашылыққа табыс ету үшін және әрі қарай жұмыс істеу үшін аудан бюджетін қалыптастыру, қарамағындағы мекемелер бойынша мәслихаттың сессиясымен бекітілген бюджеттік мекемелер кесіндісінде қолданыстағы бюджеттік сыныптамаларға сәйкес ай сайынға бөлінген күнбе-күнгі кредиттердің есебін іске асыру, Бюджеттік қаржыландыру «Парус» бағдарламасында жұмыс жүргізу, бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджетке түзетулер енгізу, бюджеттік мекемелер ұсынған өтініштер бойынша кредиттердің уақтылы қайта бөлінуіне бақылау жасау, ауданның басқару аппараты органы жұмысшыларына қатысты, олардың санының өзгерістеріне және оларды ұстауға шыққан шығындарға бақылау жасау, аудан бюджетінің орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді құрастыру және тапсыру, әр айдың бірі күніне республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттердің игерілмеуі жөнінде мәліметтер, шығыстар бойынша (бюджеттік бағдарламалар кесіндісінде игерілмеу себептерін түсіндіре отырып шифрлық есеп негізінде) ай сайынғы талдау жасау, бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөнінде есеп жасау (аудан бюджетінің дамуы бойынша), бюджеттік есепке және есептеулерге, жергілікті бюджетті орындауға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, бюджеттік мекемелердің экономистері және бухгалтерлерімен семинарлар өткізу, бюджет жоспарлау және орындау мәселесіне қатысты барлық өзгерістерді бюджеттік мекемелерге жеткізу, белгіленген мерзімде облыстық басқармалардың, СҚО Тексеру комиссиясының, СҚО Қаржылық бақылау инспекциясының экономикалық-бақылау жұмыстары бойынша тапсырмаларын орындау, тоқсан сайын ауданның Азаматтық бюджетін жасау және әкімдіктің және бөлімнің веб-сайтында орналастыру; бюджетті бекіту және нақтылау туралы материалдарды мәслихаттың сессиясына әзірлеу және мәслихаттың шешімін іске асыру, облыстық басқармаларға тапсыру үшін даму бюджеті, ағымдағы нақтыланған бюджет және күрделі шығындар жөнінде ай сайын есептер жасау, бөлім басшысының нұсқауы бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, бюджет мәселелеріне қатысты заңдарды және нұсқаулықтарды зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «құқық» бейіндері бойынша.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ электронды түрде электрондық почта мекен-жайына немесе «E-gov» электронды Үкімет порталды немесе ИАЖ «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56 мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің және өкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде қолма-қол, пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, персоналды басқару бойынша құрылымдық бөлімшеге немесе
mzhumabaeva-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық құрылымына, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOC 33 Kb)

28.07.2020
Қаралым саны: 526
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz