«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 25-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы _ тамыздағы № _ шешімінің жобасына пресс-релиз

Аталған нормативтік-құқықтық қабылдау қажеттігіне негіздеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты – мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Аудандық бюджеттің 2019-2021 жылдарға арналған кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің қағидаларын ескере отырып, 2016-2017 жылдарға есептелген және төленген салық сомалары, 2018 жылғы бағалау ескерілген, орташа мерзімді кезеңге макроэкономикалық болжамды параметрлерлерге қарап, есептелген.

Аудандық бюджетке түсімдердің болжамды көлемі 2019 жылға – 7 741 181, 8 мың теңге, 2020 жылға – 3 972 027 мың теңге, 2021 жылға – 4 006 799 мың теңге сомада айқындалған.

Республикалық бюджеттен 2019 жылға 3 389 430 мың теңге, 2020 жыл – 3 403 631 мың теңге, 2021 жыл – 3 418 508 мың теңге сомада субвенцияның түсімі жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органның резерві 50 мың теңге көлемінде көзделген.

Аудан бюджетінің жалпы көлемі 2019 жылға 7 773 936,6 мың теңгені, 2020 жылға 3 972 020 мың теңгені, 2021 жылға – 4 006 792 мың теңгені құрайды.

Нормативтік құқықтық акті жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық кері салдарларын тигізбейді.

Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы
А. Сыздықов

07.08.2019
Қаралым саны: 826
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz