Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жумабаев ауданының мәслихатының «2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жумабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешім жобасы бойынша пресс релизі

Жоба Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8,9 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

Осы жобаның мақсаты «2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жумабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы».

Жоба 2023 жылғы 27 қарашадан 11 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14816118). Жоба ұсыныс алу үшін Қоғамдық кеңестің қарауына жіберілді. 

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Д. Мұқажанова

28.11.2023
Қаралым саны: 22
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz