Бөлiм туралы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыратын, ауданның коммуналдық меншігін басқаруға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің басқару органы, және де оған мемлекеттік меншік субъекті құқығына байланысты оның қызметін жүзеге асыратын органы (бұдан әрі - өкілетті орган) Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі болып табылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Президенттің және Үкіметтің актілеріне, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге, облыс және аудан әкімінің өкімдері, қаулылары мен шешімдеріне сәйкестендіріп жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, белгіленген үлгіде бланкілері, өзінің мемлекеттік тілде атауымен мөрі және мөртабандары, қазынашылық органында есеп-шоты бар мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып есептеледі.

Мақаланы құрған күні 13.02.2018 11:01

Мақаланы жаңартқан күні 13.02.2018 11:01

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz