Негiзгi мiндеттерi

Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мазмұны, мақсаты мен түрлерi

Мемлекеттiк мекеменiң негiзгi мiндеттерi:

  • аудандық бюджеттiң атқарылуы барысында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру, коммуналдық меншiктi басқаруға қатысу;
  • ауданның бюджеттiк қаражатын және коммуналдық меншiгiн басқаруға қатысу;
  • аудандық бюджеттiң, бюджеттiк есептiң аумағында салааралық үйлестiру және әдiстемелiк басқару.
  • мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мазмұны аудан аймағындағы бюджетiнiң орындалуын iске асыру .

Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мақсаты:

  • аудан аймағында бiрыңғай мемлекеттiк қаржы саясатын жүргiзу;
  • аудан бюджетiнiң орындалуын жөндеудi iске асыру;

Заңнамалармен белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк мекеме:

  • мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын стратегиялық қызметтердi iске асырады;
  • мемлекеттiк бюджетке түсетiн кiрiс мемлекеттiк саясатының мақсаттарын және басымдығын айқындайды, бюджет кiрiсiн болжауға қатысады;
  • аудан бюджетiнiң атқарылуы аумағында аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң құқықтық-нормативтiк актiлердi өзiнiң құқығы шегiнде жоба (қабылдау) ретiнде әзiрлеу, оны әрi қарай дамыту және пайдалану, заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдау, оны жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
  • өзiнiң құқығы шегiнде мемлекеттiк салалық бағдарламаларды (секторлық) iске асырады;

Мемлекеттiк саясатты iске асыру қызметтерi:

  • аудан бюджетiнiң орындалуын iске асыру;
  • аудан бюджетiнiң жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, қаржыландырудың мiндеттi төлемдер бойынша жиынтық жоспарын аймақтық Қазынашылық органдарына ұсыну;
  • бюджеттiк жоспарлауды өкiлдiк органдарға ұсыну үшiн оны нақтылауға ұсыныстар әзiрлеу;
  • аудандық бюджеттiң атқарылуы барысында жергiлiктi бюджеттiк
  • бағдарламалардың нәтижелiлiгiн бағалау;
  • аудандық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп әзiрлеу;
  • бюджеттiк есеп жүргiзудi қамтамасыз ету;
  • бюджеттiк жүйеде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп берудi дамыту;
  • аудандық бюджеттi қаржыландыру және кiрiстiң жиынтық жоспарларына өзгертулер енгiзу және бекiту жұмыстарын ұйымдастыру, аудандық бағдарлама әкiмгерлерiне және олардың ведомстволық қарасты мекемелерiне рұқсат құжаттарын беру, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттi төлемдерiн iске асыру;
  • бюджеттiк заңнамамен қарастырылған жағдайларға сәйкес бюджеттiк қаржыны қайтарып алу және қаржыландыруды тоқтату;
  • бюджеттiк қаржынының жылдық сомаларын айларға бөлiп, оның игерiлуiн мониторинг арқылы iске асыру, бағдарлама әкiмгерлерiнiң бюджеттiк бағдарламалардың қаржы жоспарларына өзгертулер енгiзуiн, қаржы жоспарларының орындалмауының себептерiн айқындау, бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы есептер құрастыру;
  • бюджеттiк қаржының игерiлуi туралы мониторингтi iске асыру;
  • мемлекеттiк мекемелердiң тiркелмеген, iске асырылмаған және төленбеген мiндеттемелерiн сараптау;
  • мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн уақытылы орындауы бойынша шешiмдер қабылдау және ұсыныстар енгiзу;
  • мемлекеттiк сатып алудың үдерiсiн үйлестiру;
  • заңдылық актiлерiне сәйкес коммуналдық меншiктi басқаруға қатысу, оны қорғау, мемлекеттiк мүлiктi нәтижелi және тиiмдi пайдалану бойынша жұмыстар жүргiзу;
  • мемлекеттiк ұйымдардың активтерiн баланстан балансқа беру, баланстан негiзгi қаржыны жоққа шығаруға жазу, мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн меншiкке беру туралы құқықты бекiту;
  • объектiлердi сатуға дайындау, сату жұмыстарын жүргiзу, жеке және заңды тұлғалармен келiсiм-шарттар жасау, коммуналдық меншiктi жалдау шарттарын әзiрлеу, жалдау құнын есептеу;
  • мемлекеттiк үлесi бар мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың және серiктестiк шаруашылығының реестрiн жүргiзу және осы ұйымдардың мүлкiне түгендеу жүргiзу.

Мақаланы құрған күні 13.02.2018 11:02

Мақаланы жаңартқан күні 13.02.2018 11:02

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz